Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері арасында академиялық адалдық тақырыбында кураторлық сағат өтті

«Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері арасында академиялық адалдық тақырыбында кураторлық сағат өтті

Академиялық адалдықты қамтамасыз ету жұмыстары аясында Б-Қаржы 25/1 тобының (1, 2 және 3 шағын топтары) студенттері арасында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара студенттердің академиялық адалдық қағидаттары және олардың білім беру үдерісіндегі маңызы туралы түсінігін қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шара барысында студенттерге әділдік, адалдық, жауапкершілік және этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар білім алушылар академиялық адалдықты қамтамасыз етуге бағытталған университеттің қолданыстағы ережелері мен ресурстарымен танысты.

Академиялық құқық бұзушылықтардың негізгі түрлері мен олардың салдарына ерекше назар аударылды. Бұл мәселелерді талқылау студенттердің оқуға деген жауапкершілігін арттыруға, дербестігін дамытуға және оқу тапсырмаларын орындауда саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.

Кураторлық сағат қорытындысы бойынша студенттер академиялық адалдық сапалы білім алудың және кәсіби тұлға ретінде қалыптасудың маңызды негізі екенін атап өтті. Оның қағидаттарын сақтау әділ, жауапты және этикалық мәдениеті жоғары студенттік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →