Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Қазақстан Республикасы Құрылтайының конституциялық-құқықтық мәртебесі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті

Esil University-де «Қазақстан Республикасы Құрылтайының конституциялық-құқықтық мәртебесі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті

Esil University Қолданбалы ғылымдар факультетінің «Құқық» кафедрасында «Құқықтану», «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету», «Кеден ісі (құқық)» және «Бизнес-құқық» білім беру бағдарламаларының 2–3 курс студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті. Іс-шара «Қазақстан Республикасы Құрылтайының конституциялық-құқықтық мәртебесі» тақырыбына арналды.

Дәріскер ретінде заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Аппаратының заңнама бөлімінің сектор меңгерушісі Ж. Онлашева сөз сөйледі. Дәріс барысында Құрылтайдың конституциялық-құқықтық жағдайы, мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны мен рөлі, оның қызметін құқықтық реттеу ерекшеліктері, сондай-ақ елдегі конституциялық институттар мен парламенттік жүйені дамытудың өзекті мәселелері қарастырылды.

Заң шығару қызметіне тікелей қатысы бар Құрылтай Аппараты өкілінің қатысуы студенттерге мемлекеттік институттардың жұмыс істеуінің практикалық қырларымен танысуға, конституциялық құқық саласындағы білімдерін тереңдетуге және теориялық білімдерін қазіргі заң шығару тәжірибесімен ұштастыруға мүмкіндік берді.

Қонақ дәрісі кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу алаңына айналып, болашақ заңгерлердің практикалық құзыреттерін дамытуға ықпал етті. «Құқық» кафедрасы Ж. Онлашеваға мазмұнды дәрісі, кәсіби тәжірибесі және заңгерлік білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Esil University-де «Қазақстан Республикасы Құрылтайының конституциялық-құқықтық мәртебесі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →