Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Саясаттану» пәні бойынша симуляциялық іскерлік ойын өтті

Esil University-де «Саясаттану» пәні бойынша симуляциялық іскерлік ойын өтті

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында Қолданбалы ғылымдар факультеті мен Бизнес және басқару факультетінің студенттеріне арналған «Саясаттану» пәні бойынша симуляциялық іскерлік ойын форматында тәрбие-білім беру іс-шарасы өтті. Іс-шараны ӘГП кафедрасының оқытушысы Аден Айжан Жолдыбекқызы кафедра әріптестері Байдалина М.Е., Ешниязова А.Ч., Жусупова М.Т., Жакан М.К. және Жукенова А.А. қатысуымен ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты студенттердің құқықтық мәдениетін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, сайлауалды күрес әдебін, командалық жұмыс пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту болды. Сонымен қатар академиялық белсенділікті, өз ұстанымын дәлелді түрде жеткізуді, сөйлеу мәдениетін және сындарлы диалог жүргізу дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Семинар сабағы барысында студенттер сайлауалды штабтар ішінде рөлдерді (Кандидат, Спичрайтер, PR-менеджер, Аналитик, Имиджмейкер) бөлісіп, сайлауалды науқандардың жобаларын сәтті қорғады. Қатысушылар өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғау, көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтау және пікірталас мәдениетін ұстану қабілеттерін көрсетті. Командаларды құру, штабтарды дайындау және семинар өткізу барысы бейнежазбаға түсірілді. Студенттер дайындаған бейнероликтер командалық жұмыстың қарқыны мен қатысушылардың белсенділігін айқын көрсетеді.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының жанында үздік студенттік үгіт плакаттарының тұрақты көрмесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның тәжірибеге бағдарланған және тәрбиелік сипатын айқындайды. Қосымша ретінде ӘГП кафедрасының стендіндегі студенттік плакаттар көрмесінің фотоматериалдары және симуляциялық семинарды дайындау мен өткізу барысының бейнематериалдары ұсынылды.

Esil University-де «Саясаттану» пәні бойынша симуляциялық іскерлік ойын өтті
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →