Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Адалдық мәдениеті» тақырыбында кураторлық сағат өтті

Esil University-де «Адалдық мәдениеті» тақырыбында кураторлық сағат өтті

«Құқық» кафедрасында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының Б-ЮР 26/23 Р, Б-ЮР 26/22 Р, Б-КТ 26/23 К және Б-КТ 26/22 К топ студенттеріне арналған «Адалдық мәдениеті» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі А.Б. Құлибек өткізді.

Кездесу барысында студенттерге академиялық адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сананы арттыру мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар жеке жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында студенттер өз пікірлерін білдіріп, тақырып бойынша сұрақтар қойды. Мұндай кездесулер жастардың бойында жоғары моральдық-этикалық құндылықтар мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →