Университетте кафедра апталығы аясында «Экономика және маркетинг» кафедрасы ұйымдастырған «Маркетингтің цифрлық трансформациясы» тақырыбындағы ғылыми семинар өтті.
Семинардың спикері ретінде маркетинг кафедрасының жетекші оқытушысы – э.ғ.к., профессор Дарибаева А.К. сөз сөйлеп, өзекті кейстермен және өзінің маркетингтік зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Семинардың мақсаты — цифрлық технологиялардың заманауи маркетингке әсері, тұтынушылармен өзара іс-қимыл үлгілерінің өзгеруі және деректерді аналитикалық құралдарды компаниялардың маркетингтік стратегияларына енгізуге байланысты өзекті ғылыми және практикалық мәселелерді талқылау болды.
Семинар барысында мынадай мәселелер қарастырылды:
- маркетингтегі цифрлық трансформация үрдістері;
- жасанды интеллект пен автоматтандырудың маркетингтік коммуникацияларға әсері;
- маркетингтік аналитикада үлкен деректерді пайдалану;
- платформалық экожүйелер дәуіріндегі маркетинг;
- цифрлық маркетингтің этикалық және құқықтық аспектілері.
Семинарға кафедраның жетекші профессорлары қатысты: э.ғ.д., профессор Ғалиева А.Х., PhD, э.ғ.к., профессор Ұқыбасова Г.С., кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент м.а. Замбинова Г.К. және кафедраның басқа да мүшелері, PhD, «Қаржы» кафедрасының доценті, «Маркетинг» білім беру бағдарламасының магистранттары, «Қаржы» және «Digital маркетинг» білім беру бағдарламаларының студенттері. Сөз сөйлеулерден кейін дискуссия өтті, онда қатысушылар сұрақтар қойды, әлеуметтік желілер мен e-commerce ықпалының өзекті мәселелерін және нарықтық алаңдардың шешімдер қабылдаудағы рөлін талқылады.