Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2026» және «Үздік ғылыми қызметкер – 2026» конкурстары жарияланды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2026» және «Үздік ғылыми қызметкер – 2026» республикалық конкурстарына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Құрметті әріптестер!

Esil University профессор-оқытушылар құрамын конкурстарға белсенді қатысуға шақырамыз! Конкурстарға қатысу – кәсіби және ғылыми жетістіктеріңізді таныстыруға, республикалық деңгейде мойындалуға және университеттің ғылыми-білім беру әлеуетін арттыруға үлес қосуға мүмкіндік береді.

1. «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2026» конкурсы

Конкурсқа құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі бар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын университеттің штаттағы оқытушылары қатыса алады.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

  • I кезең (университетішілік) – 2026 жылғы 5–18 қараша аралығында;
  • II кезең (республикалық) – 2026 жылғы 1–12 желтоқсан аралығында.

Конкурсқа қатысу үшін ақпараттық жүйеде тіркеліп, қажетті құжаттар топтамасын жүктеу қажет:

https://universitycontest2026.kz/

Негізгі құжаттар тізбесі:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтініш;
  • соңғы бес жылдағы (2022–2026 жж.) қызметтің сапалық және сандық көрсеткіштері туралы мәліметтер;
  • 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары-кестесі;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурс жеңімпаздарына «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағы беріліп, тиісті куәлік табысталады және 2000 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант беріледі.

2. «Үздік ғылыми қызметкер – 2026» конкурсы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына арналған жыл сайынғы конкурстың өткізілетінін де жариялады.

Конкурсқа отандық ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан университет ғалымдары қатыса алады.

Үміткерлердің ғылыми жетістіктерін бағалау бірқатар критерийлер бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде:

  • ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағының болуы;
  • ғылыми жобалар мен бағдарламаларға жетекшілік етуі;
  • рецензияланатын ғылыми басылымдардағы жарияланымдары, монографиялары мен патенттері;
  • халықаралық ғылыми ынтымақтастығы;
  • ғылыми кадрларды даярлауы (PhD және бейіні бойынша докторлар);
  • ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізуі;
  • оқытушылық және қоғамдық қызметі.

Өтінімдер Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде (2026 жылғы 5 қарашадан бастап) электрондық форматта қабылданады.

Конкурс, оған қатысу шарттары және құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған:

https://www.gov.kz/org/science/press/news/details/1324354?lang=ru

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →