Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Заманауи білім беру ортасындағы академиялық адалдық

Заманауи білім беру ортасындағы академиялық адалдық

Б-Құқық 26/1 Қ тобында академиялық адалдық мәселелеріне арналған кураторлық сағат өтті. Іс-шараны топ кураторы, заң ғылымдарының магистрі, «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Г.С. Төрегалиева өткізді.

Кездесу барысында студенттер плагиат, көшіріп алу, оқу жұмыстарын өз бетінше орындау және өзге авторлардың материалдарын этикалық тұрғыдан пайдалану мәселелерін талқылады. Әсіресе, жасанды интеллектіні оқу үдерісінде қолдану және оны дұрыс пайдаланудың шекараларына ерекше назар аударылды.

Іс-шара академиялық жауапкершілікті қалыптастыруға, зияткерлік еңбекке құрметпен қарауға және заманауи цифрлық технологияларды саналы түрде пайдалануға бағытталды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →