Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттері Астанадағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне барды

Esil University студенттері Астанадағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне барды

Esil University заң бағытының 3–4-курс студенттері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 3 мекемесінде көшпелі практикалық сабаққа қатысты. Іс-шараға 120 студент қатысып, оларға «Құқық» кафедрасының оқытушылары С.С. Токбай, Д.У. Балгимбеков, С.Т. Кемелбеков және Х. Маней жетекшілік етті.

Сапар барысында студенттер мекеменің құрылымы мен негізгі қызмет бағыттарымен, сотталғандарды ұстау жағдайларымен, режим мен қадағалауды ұйымдастыру тәртібімен, сондай-ақ тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыстардың ерекшеліктерімен танысты. Мекеме өкілдері жазаларды орындаудың құқықтық негіздері мен сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, олардың еңбекпен қамтылуы, білім алуы және кәсіби даярлығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар мекеме қызметкерлерімен кездесу өтіп, студенттер қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктері, үміткерлерге қойылатын талаптар және кәсіби практикадан өту мүмкіндіктері туралы мәлімет алды.

Практикалық сабақ студенттерге қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы бойынша теориялық білімдерін бекітуге, заңнаманың тәжірибеде қолданылуымен танысуға және болашақ мамандықтары туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді. «Құқық» кафедрасы № 3 мекеменің басшылығы мен қызметкерлеріне сапарды ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді.

Esil University студенттері Астанадағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне барды
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →