Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Білімді жастар – ел ертеңі» тәрбие іс-шарасы

«Білімді жастар – ел ертеңі» тәрбие іс-шарасы

Esil University-де «Құқықтану» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттеріне арналған «Білімді жастар – ел ертеңі» тәрбие іс-шарасы өтті. Іс-шараны филология ғылымдарының кандидаты, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доцент міндетін атқарушысы С.А. Рахимбекова ұйымдастырды.

Іс-шара білім беру саласындағы ғалымдардың еңбектерімен танысуға арналды. Студенттер қазіргі білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен даму перспективаларын қарастырды.

Кездесу барысында бірінші курс студенттері көрнекі материалдарды пайдалана отырып, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынды. Іс-шараға қатысу оларға тақырып бойынша білімдерін кеңейтуге және дайындаған материалдарын таныстыру тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік берді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →