Esil University-де «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының 2-курс Б-ӘЖ-25/1 тобының (3-топ) студенттеріне арналған «Жас ерекшелік психологиясы» пәні бойынша «Ересек адамдар психологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты аға оқытушы Г. Жетпісәлі жүргізді. Сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің ересек жастағы адамдардың психологиялық ерекшеліктері, психикалық даму заңдылықтары және ересек өмірдің әртүрлі кезеңдеріндегі адамның мінез-құлқы туралы білімдерін тереңдету.
Сабақ барысында студенттер ересек жас кезеңіндегі тұлғаның негізгі психологиялық сипаттамаларын, эмоционалдық, интеллектуалдық және әлеуметтік даму ерекшеліктерін қарастырды. Тұлғалық даму, кәсіби қалыптасу, тұлғааралық қарым-қатынас және жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістер мәселелеріне ерекше назар аударылды. Теориялық материалдар практикалық мысалдармен толықтырылып, студенттерге ересек адамдар психологиясының күнделікті өмірдегі көріністерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Практикалық бөлім аясында студенттер тақырыптық пікірталастарға белсенді қатысып, жағдаяттық кейстерді шешті, тапсырмалар орындады және рөлдік ойындарға қатысты. Ұсынылған тапсырмалар аналитикалық қабілеттерді, сыни ойлауды, коммуникативтік дағдыларды дамытуға, сондай-ақ алған білімдерін нақты өмірлік жағдайларды талдау барысында қолдануға бағытталды. Студенттер тақырыпқа қызығушылық танытып, оқу үдерісіне белсенді қатысты.
Ашық сабақ теориялық білім мен практикалық жұмысты ұштастыра отырып, интерактивті әрі танымдық форматта өтті. Қолданылған оқыту әдістері студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше талдау жасау және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Сабақ болашақ әлеуметтік жұмыс мамандарының кәсіби даярлығында жас ерекшелік психологиясын оқып-үйренудің маңыздылығын көрсетті.

-2.png&w=1080&q=75)