Esil University-дің акт залында Б-ЮРП 26/1Р бірінші курс топтарының студенттеріне академиялық адалдық тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны топ кураторы, аға оқытушы К.Е. Рахимбеков жүргізді.
Кездесу барысында оқу және ғылыми қызметке жауапкершілікпен қарау, аралық және қорытынды емтихандарда адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері түсіндірілді. Студенттер академиялық талаптарды бұзған жағдайда қолданылатын шаралар туралы ақпарат алды.
Куратор университетте академиялық адалдықты реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды таныстырды. Іс-шара студенттердің адал білім алу мәдениетін және оқу нәтижелеріне жеке жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.


