Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Esil University мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Esil University мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ «Мемлекеттік қызметтерді басқару» білім беру бағдарламасын бірлесіп іске асыруды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою университеттің мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдармен өзара байланысын нығайтуға, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының практикалық бағыттылығын дамытуға бағытталған.

Ынтымақтастық аясында тараптар университеттің академиялық әлеуеті мен Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кәсіби тәжірибесін біріктіруді жоспарлап отыр. Білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіруге, басқарушылық және цифрлық құзыреттерді дамытуға, мемлекеттік үдерістерді цифрландыруға және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік корпорация өкілдері қонақ дәрістерін, практикалық сабақтар мен кәсіби кездесулерді өткізуге қатыса алады. Сонымен қатар білім алушылар үшін кәсіби практикадан өту және мемлекеттік қызметтерді ұйымдастырудың нақты жұмыс үдерістерімен танысу мүмкіндіктері кеңейтіледі.

Меморандумды іске асыру мемлекеттік басқару жүйесі мен еңбек нарығының заманауи талаптарына сай келетін білікті мамандарды даярлаудағы маңызды қадам болмақ.

Esil University білім беру үдерісін тәжірибемен ұштастырып, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына жаңа мүмкіндіктер жасау мақсатында серіктестік байланыстарын дамытуды жалғастыруда.

Esil University мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Esil University мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Esil University мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Esil University мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →