Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттері «Бозоқ» музей-қорығына барды

Esil University студенттері «Бозоқ» музей-қорығына барды

Esil University-де «Туристік өлкетану» пәнін оқу аясында студенттерге арналған Мемлекеттік тарихи-мәдени «Бозоқ» музей-қорығына көшпелі дәріс сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараны «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының оқытушылары А. Ғиззатжанова мен Н. Шаймұратқызы ұйымдастырды. Сапардың негізгі мақсаты – ежелгі Бозоқ қалашығының тарихымен, музей-қорықтың қызметімен және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы рөлімен танысу, сондай-ақ мәдени-танымдық туризмді дамыту мүмкіндіктерін зерделеу.

Кездесу барысында музей-қорықтың ғылыми қызметкерлері студенттерге ежелгі қалашықтың тарихы, жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері және мекеменің негізгі қызмет бағыттары туралы ақпарат берді. Археологиялық ескерткіштерді сақтау, зерттеу және көпшілікке таныту мәселелеріне, сондай-ақ олардың туристік саланы дамытудағы маңызына ерекше назар аударылды. Студенттер тарихи-мәдени музей-қорықтың практикалық қызметімен және музей жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты.

Сонымен қатар бас инспектор Г. Уәлиевамен кездесу ұйымдастырылды. Ол студенттерге «Бозоқ» музей-қорығының болашақ жобасының тұжырымдамасын таныстырып, оның негізгі бағыттары мен іске асырылу перспективалары туралы баяндады. Кездесу барысында кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, туған өлке тарихын терең зерттеудің, ұлттық мәдени мұраны сақтаудың және туризм саласындағы кәсіби құзыреттерді дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Көшпелі сабақ болашақ мамандардың практикалық даярлығының маңызды бөлігіне айналып, студенттерге теориялық білімдерін бекітуге, кәсіби ой-өрісін кеңейтуге және тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындағы мекеменің қызметімен танысуға мүмкіндік берді. Esil University Мемлекеттік тарихи-мәдени «Бозоқ» музей-қорығының ұжымына жылы қабылдауы, мазмұнды кездесуі және студенттердің кәсіби дамуына қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →