Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де Республика күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті

Esil University-де Республика күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті

Esil University-де «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы шетел тілдері секциясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының күніне арналған тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды. Интерактивті кураторлық сағатқа түрлі білім беру бағдарламалары бойынша бірінші курстың үш академиялық тобының студенттері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың бойында отансүйгіштік сезімді, азаматтық жауапкершілікті, Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасына құрметті қалыптастыру, сондай-ақ тілдік және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту.

Іс-шара кафедра меңгерушісі, PhD, доцент міндетін атқарушы Юнисов Ерсин Абикуловичтің жетекшілігімен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен өткізілді. Ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына аға оқытушылар Кудайбергенова Бибигуль Исагалиевна, филология ғылымдарының кандидаты Мыктыбаева Турар Жубанышевна, магистрлер Мусаканова Гульзира Еркеновна, Нураханова Элмира Муратовна, Отызбаева Карлыгаш Жалеловна, Бейсенова Айман Жанбиршиевна, Садуакасова Аида Бериковна, Сапаров Асылбек Муратович, Тынымбаева Аружан Муратовна, Хайрулова Нурайым Ақтоқтықызы және Науанова Гульзана Нурмановна қатысты.

Іс-шара аясында студенттер «Kazakhstan: History, Culture, and Future Perspectives» тақырыбында ағылшын тілінде баяндамалар жасап, презентациялар ұсынды. Олар Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын, мәдени әралуандылығын және қазіргі жетістіктерін таныстырды. Сонымен қатар ел тарихы, географиясы, ұлттық дәстүрлері мен заманауи дамуына арналған «My Motherland – Kazakhstan» интерактивті викторинасы өткізілді. Қатысушылар өз білімдерін, көпшілік алдында сөйлеу және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Өткізілген іс-шара студенттердің азаматтық бірегейлігін нығайтуға, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және Қазақстанның тарихы мен ұлттық құндылықтарына қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Тәрбие жұмысы барысында шетел тілдерін қолдану патриоттық тәрбиені практикалық тілдік дағдыларды дамытумен ұштастырып, бірінші курс студенттерінің университеттік ортаға бейімделуіне мүмкіндік берді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →