Esil University-де «Есеп және аудит» кафедрасының ұйымдастыруымен «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы аясында Бухгалтер апталығы басталды. 9–13 қараша аралығында өтетін тақырыптық іс-шаралар студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, кәсіби қауымдастық өкілдерімен өзара байланысты нығайтуға және бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы заманауи үрдістермен таныстыруға бағытталған.
Апталықтың алғашқы күні «Аудиторлық компанияға қалай жұмысқа орналасуға болады?» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәріске «Deloitte» ЖШС аудитор ассистенттері Мырза Бағжан Ғалымжанұлы мен Смаилов Шерхан қатысты. Спикерлер аудиторлық компанияларға жұмысқа орналасу ерекшеліктері, жас мамандарға қойылатын талаптар, әңгімелесуге дайындалу және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Іс-шараны ұйымдастыруға экономика ғылымдарының кандидаттары Айтхожина Л.Ж. және Бекжанова Т.К. жауапты болды.
Сонымен қатар «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне арналған «Шекарасыз мамандық: цифрлық әлемдегі бухгалтер» тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырылды. Шақырылған спикер — «Syncore» ЖШС бас бухгалтері Даумбаева Надира Балтабековна заманауи бухгалтерлік қызметтің ерекшеліктері мен цифрландыру жағдайындағы кәсіби талаптардың өзгеруі туралы баяндады. Іс-шараны өткізуге PhD, доцент міндетін атқарушы Успамбаева М.К., экономика ғылымдарының кандидаты Кажмухаметова А.А. және Оралбекова Ж.К. жауапты болды.
Қонақ дәрістерін өткізу теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға, студенттердің кәсіби дүниетанымын кеңейтуге және қазіргі еңбек нарығының талаптарын түсінуге ықпал етеді. Бухгалтер апталығы білім алушылардың таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыруға және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған білім беру іс-шараларымен жалғасады.

.png&w=1080&q=75)
.png&w=1080&q=75)