Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«ЖИ, жастардың жұмыспен қамтылуы және мемлекеттік басқару» халықаралық конференциясы

«ЖИ, жастардың жұмыспен қамтылуы және мемлекеттік басқару» халықаралық конференциясы

Жасанды интеллект, жастардың жұмыспен қамтылуы және мемлекеттік басқару мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Құрметті әріптестер!

2026 жылғы 17–18 қарашада Esil University-де «Жасанды интеллектінің жастардың жұмыспен қамтылуына әсері және мемлекеттік басқарудың трансформациясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция жасанды интеллектіні қолданудың өзекті мәселелерін, оның еңбек нарығы мен жастардың жұмыспен қамтылуына әсерін, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінің цифрлық трансформациясын талқылау алаңына айналады.

Конференция аясында екі тақырыптық сессия жоспарланған:

17 қараша — 1-сессия
«Жасанды интеллект және жастардың жұмыспен қамтылуы»

Сессия жұмысына Esil University, Universitas Muhammadiyah Sidoarjo, UIN Sultan Syarif Kasim Riau, Universitas PGRI Madiun, Universitas Islam Riau және Universitas Widya Gama Mahakam өкілдері қатысады.

18 қараша — 2-сессия
«Институционалдық трансформация және цифрлық мемлекеттік басқару»

Сессияға Esil University, Universitas Islam Riau, Universitas Singaperbangsa Karawang (Unsika), Ташкент мемлекеттік экономика университетінің Самарқанд филиалы және басқа да шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады.

Қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар мен студенттер шақырылады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 17–18 қараша
Өтетін орны: Esil University, Астана қ., А. Жұбанов көшесі, 7
Форматы: онлайн қатысу мүмкіндігімен офлайн
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері
Ұйымдастырушы: Esil University-дің «Менеджмент» кафедрасы

«ЖИ, жастардың жұмыспен қамтылуы және мемлекеттік басқару» халықаралық конференциясы
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →