Академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар аясында Б-ВТПО-26/23 тобының студенттеріне арналған пікірталас форматындағы кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер «Емтиханда көшіру және қатысушылардың жауапкершілігі» тақырыбындағы практикалық кейсті талқылады. Академиялық адалдықты бұзу жағдайларын анықтап, қатысушылардың жауапкершілігін қарастырды және емтихан кезінде көшірудің алдын алу жолдарын ұсынды.
Пікірталас студенттердің академиялық адалдық қағидаттарының бұзылуын анықтау дағдыларын дамытуға және оқу нәтижелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар рұқсат етілмеген көмекті алу немесе көрсету салдарына ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер адалдық, дербестік, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау сапалы білім берудің маңызды шарты екенін атап өтті.

-2.png&w=1080&q=75)