Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Менеджмент» кафедрасының сабақтарында заманауи оқыту әдістері қолданылады

«Менеджмент» кафедрасының сабақтарында заманауи оқыту әдістері қолданылады

«Менеджмент» кафедрасында білім беру сапасын арттыруға және студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған заманауи білім беру технологияларын енгізу жұмыстары жалғасуда.

Кафедра оқытушысы Тулегенова К.Т. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Менеджмент» пәні бойынша «Жоспарлау және болжау функциясы» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында кейс-әдісі, SWOT-талдау, SMART технологиясы, сценарийлік болжау, миға шабуыл, шағын топтарда жұмыс істеу және интерактивті цифрлық платформалар қолданылды. Студенттер басқарушылық жағдайларды талдап, ұйымның мақсаттары мен жоспарларын әзірледі, дамудың балама сценарийлерін қарастырып, сыртқы ортадағы ықтимал өзгерістерді ескере отырып, шешімдер ұсынды.

Сабақ барысында теориялық білімді тәжірибеде қолдануға, аналитикалық және сыни ойлауды, командалық жұмыс дағдыларын және негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға ерекше назар аударылды. Заманауи оқыту әдістерін қолдану сабақты тәжірибеге бағыттап, студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуына ықпал етті.

«Менеджмент» кафедрасының сабақтарында заманауи оқыту әдістері қолданылады
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →