Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University оқытушысы академиялық ұтқырлық аясында Kozybayev University-де дәрістер өткізді

Esil University оқытушысы академиялық ұтқырлық аясында Kozybayev University-де дәрістер өткізді

Esil University «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы М. Шәрімова сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Kozybayev University-ге барды.

Сапар барысында оқытушы Агротехникалық факультет пен Foundation факультетінің студенттері және профессорлық-оқытушылық құрамына «HR-брендинг», «Аграрлық менеджмент» және «Аграрлық маркетинг» тақырыптарында дәрістер өткізді.

Сабақтар академиялық тәжірибе алмасуға, кәсіби білімді кеңейтуге, сондай-ақ адам ресурстарын басқару және аграрлық сектор салаларындағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби байланыстарды дамытуға және білім беру тәжірибелерімен алмасуға ықпал етеді.

Esil University оқытушысы академиялық ұтқырлық аясында Kozybayev University-де дәрістер өткізді
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →