Esil University-де «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, 2-курс студенттерінің кураторы Самат Токбай «Академиялық адалдық – сапалы білім берудің негізі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шараға «Құқық» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.
Кураторлық сағат барысында академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары, плагиат пен көшіріп алудың алдын алу, оқу қызметінің нәтижелерін бұрмалауға жол бермеу және білім беру ортасындағы этикалық нормаларды сақтау мәселелері қарастырылды.
Болашақ заңгерлерді даярлаудағы академиялық адалдықтың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңды құрметтеу заң саласы мамандарының маңызды кәсіби қасиеттері екені атап өтілді.
Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жеке жауапкершілігін арттыруға және университетте академиялық адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

.png&w=1080&q=75)