Esil University-дің «Менеджмент» кафедрасында білім беру сапасын арттыруға және студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған заманауи білім беру технологияларын енгізу жұмыстары жалғасуда.
«Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы С.К. Канатова «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Ұйымдағы персоналды басқару» пәні бойынша инновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып сабақ өткізді.
Сабақ барысында кейс-әдіс, қызметкерлерді іріктеу, бейімдеу және бағалау бойынша іскерлік ойын, сондай-ақ командалық шешімдерді таныстыру және қорғау әдістері қолданылды. Студенттер кадрлық мәселелерді талдап, функционалдық міндеттерді бөліп, персоналды басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, қабылдаған шешімдерін негіздеді.
Практикаға бағытталған оқыту әдістерін қолдану теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұштастыруға, студенттердің сабаққа белсенділігін арттыруға, сыни ойлау, коммуникация, командалық жұмыс және негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

.png&w=1080&q=75)
.png&w=1080&q=75)