Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттері корпоративтік басқару қағидаттарын тәжірибе жүзінде меңгеруде

Esil University студенттері корпоративтік басқару қағидаттарын тәжірибе жүзінде меңгеруде

Esil University-дің «Менеджмент» кафедрасында практикалық сабақтар болашақ кәсіби қызметте кездесетін нақты басқарушылық міндеттерді шешуге бағытталған. «Корпоративтік басқару» пәні аясында кафедра доцентінің м.а. С.Ә. Әбдіғапар «Менеджмент» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне басқарушылық практикум форматында сабақ өткізді.

Сабақ барысында студенттерге мажоритарлық және миноритарлық акционерлер арасындағы жанжалға қатысты кейс ұсынылды. «Директорлар кеңесі» іскерлік ойыны форматында қатысушылар кәсіби рөлдерді бөлісіп, келіссөздер жүргізді және ортақ шешім қабылдады.

Практикалық бөлім командалық шағын жобаларды қорғаумен аяқталды. Әр команда корпоративтік басқару кодексінің өз нұсқасын ұсынып, оның ашықтық, есептілік және барлық қатысушылардың мүдделерін қорғау қағидаттарына сәйкестігін негіздеді. Сонымен қатар жасанды интеллект құралдарын қолдануға ерекше назар аударылды. Студенттер өз шешімдерін жасанды интеллект ұсынған нұсқалармен салыстырып, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеріп, ықтимал қателіктерді анықтады.

Мұндай оқыту форматы студенттерге теориялық білімдерін кәсіби қызметке жақын жағдайларда қолдануға, келіссөз жүргізу, командалық жұмыс және негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →