Esil University-дің «Туризм» білім беру бағдарламасының қазақ және орыс бөлімдерінде оқитын 3-курс студенттері үшін саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде көшпелі дәріс ұйымдастырылды.
Сапар барысында студенттер Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің тарихымен, музей экспозицияларымен, архивтік құжаттармен және саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын бейнелейтін материалдармен танысты. Тарихи жадыны сақтау мәселелеріне және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерделеудегі мемориалдық кешендердің маңызына ерекше назар аударылды.
Дәріс аясында студенттер музейлік-экскурсиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктерін, экскурсия жүргізу әдістерін және келушілермен өзара байланыс орнату тәсілдерін зерделеді. Іс-шара теориялық білімді бекітуге, кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға және мәдени-танымдық туризм саласындағы практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті.

.png&w=1080&q=75)
-1.png&w=1080&q=75)