Кафедраның профессор-оқытушылар құрамына арналған ғылыми-әдістемелік семинарда экономика ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы Т.К. Бекжанова баяндама жасады. Ол конкурстық өтінімнің құрылымына, ғылыми жобаның мазмұнына және құжаттарды рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптарды таныстырды.
Семинар барысында жобаның өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін негіздеу, зерттеу тобын қалыптастыру, күнтізбелік жоспар мен бюджетті дайындау мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ күтілетін нәтижелер, сараптамалық бағалау өлшемдері және жас ғалымдарға арналған конкурстарға қатысу ерекшеліктері талқыланды.
Қатысушылар ғылыми жобаларды дайындаудың практикалық мәселелері бойынша пікір алмасып, өтінімдердің сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар алды. Семинар оқытушылардың гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға дайындығын жетілдіруге бағытталды.

