Esil University «Менеджмент» кафедрасының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Қанатова А.Қ. «Түркі халықтарының үздік студенті» құрметті атағына ие болды. Ол Б-ГМУ 23/25 тобында білім алады.
Ғылыми жетекшісі Л. Хуаныштың жетекшілігімен студент халықаралық байқауға қатысып, өзінің жоғары академиялық дайындығын, ғылыми әлеуетін және қоғамдық белсенділігін көрсетті.
Аталған марапат оқу, ғылыми және қоғамдық қызметтегі жетістіктері, жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ түркі халықтары арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған қызметі үшін берілді.

.png&w=1080&q=75)
.png&w=1080&q=75)