Esil University-де «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Алия Баймуханова «Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша «Жеке тұлғаны қалыптастыру процесінде әлеуметтенудің рөлі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында әлеуметтенудің мәні, кезеңдері мен механизмдері, сондай-ақ отбасының, білім беру ортасының, құрдастар тобының және қоғамның жеке тұлғаның қалыптасуына әсері қарастырылды. Жасөспірімдердің дамуына әлеуметтік орта мен әлеуметтік желілердің ықпалына ерекше назар аударылды.
Практикалық бөлімде Case Study әдісі арқылы өмірлік жағдайларды талдау, топтық жұмыс, тақырыптық плакаттар әзірлеу және ұсынылған кейстерді талқылау ұйымдастырылды. Өтілген материалды бекіту мақсатында Kahoot платформасы арқылы интерактивті викторина өткізілді.
Студенттер сабаққа белсенді қатысып, топтық жұмыстардың нәтижелерін таныстырды, өз пікірлерін дәлелдеп, талқылауға қатысты. Интерактивті оқыту әдістерін қолдану аналитикалық дағдыларды дамытуға және тәрбие, әлеуметтік орта мен жеке тұлғаның қалыптасуы арасындағы байланысты терең түсінуге ықпал етті.

-2.png&w=1080&q=75)
-2.png&w=1080&q=75)
-2.png&w=1080&q=75)