Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Туризм» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Академиялық адалдық» тақырыбындағы дәріс

«Туризм» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Академиялық адалдық» тақырыбындағы дәріс

Esil University-де «Туризм» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттеріне «Академиялық адалдық» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Алия Баймуханова жүргізді.

Дәріс барысында академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары, білім беру үдерісіндегі этикалық нормалар, академиялық құқықбұзушылық түрлері және олардың салдары қарастырылды. Плагиаттың алдын алу, оқу тапсырмаларын өз бетінше орындау және академиялық жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара студенттер арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ туризм саласының болашақ мамандарының кәсіби этикасын дамытуға бағытталды.

«Туризм» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Академиялық адалдық» тақырыбындағы дәріс
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →