Esil University-де Эк. 25/1 Қ, ӘЭ 25/1 Қ және ДМ 25/1 топтарының студенттерінің қатысуымен «Академиялық адалдық — сапалы білім берудің негізі» тақырыбында пікірталас өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыбы білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері болды. Студенттер жазбаша жұмыстарды дайындау, ақпаратты жүйелеу, идеяларды тұжырымдау және мәтіндерді редакциялау кезінде жасанды интеллектіні пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.
Қатысушылар ақпараттың шынайылығын тексеру, авторлық құқықты сақтау, плагиаттың алдын алу және жасанды интеллектіге шамадан тыс тәуелділіктің тәуекелдеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар студенттердің өз академиялық жұмыстарының мазмұны мен нәтижелеріне жеке жауапкершілігі туралы сөз қозғалды.
Пікірталас барысында білім алушылар түрлі көзқарастарын білдіріп, дәлелдер мен мысалдар келтірді, сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. Мұндай формат заманауи цифрлық құралдарды қолдануға қатысты өзекті мәселелерді әртүрлі тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жасанды интеллект студенттердің дербес жұмысын алмастырмай, тек көмекші құрал ретінде қолданылуы тиіс екенін атап өтті. Оны пайдалану саналы әрі жауапты көзқарасқа, ашықтыққа және академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға негізделуі қажет.

-2.png&w=1080&q=75)