Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс өтті

Esil University-де қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс өтті

Эк. 25/1 Қ және ӘЭ 25/1 Қ топтарының студенттері арасында «Қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтық белгілерін анықтау» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ күмәнді қаржылық ұсыныстарды анықтау дағдыларын дамыту.

Дәріс барысында қаржы пирамидаларының негізгі белгілері қарастырылды. Олардың қатарында қысқа мерзімде жоғары табысқа кепілдік беру, жаңа қатысушыларды тарту талабы, ұйым қызметі туралы сенімді ақпараттың болмауы және қаражатты шұғыл салуға шақыру бар. Сонымен қатар студенттер жалған интернет-дүкендер, фишингтік сілтемелер, әлеуметтік желілердегі жалған ұтыс ойындары, банк қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңыраулар және жеке деректерді заңсыз иемдену сияқты интернет-алаяқтық түрлерімен танысты.

Қаржылық қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге банк карталарының деректерін, құпиясөздерді және SMS арқылы келетін растау кодтарын бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, сенімсіз қосымшаларды орнатпау және қаржылық операциялар алдында ақпараттың шынайылығын тексеру ұсынылды.

Кездесу барысында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, нақты жағдайларды талқылады. Сондай-ақ қаржы пирамидасына немесе интернет-алаяқтыққа тап болған жағдайда жасалуы тиіс әрекеттер қарастырылды: ақша аударымдарын тоқтату, банкке хабарласу, дәлелдерді сақтау және құқық қорғау органдарына хабарлау.

Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер қаржылық қауіпсіздіктің негізгі ережелерімен танысып, интернет кеңістігінде сақтық танытудың, қаржылық ұсыныстарды мұқият тексерудің және жеке деректерді қорғаудың маңыздылығын түсінді.

Esil University-де қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс өтті
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →