Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Білім — біздің қорғанысымыз» кураторлық сағаты

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Білім — біздің қорғанысымыз» кураторлық сағаты

Esil University-де Б-Тур 25/1 тобында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Білім — біздің қорғанысымыз» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараны топ кураторы, «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Курмангалиева Ж.К. және аға оқытушы Медетбекова А.А. ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің АИТВ инфекциясы мен ЖИТС туралы хабардарлық деңгейін арттыру, өз денсаулығы мен айналасындағы адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ аурулардың алдын алу мәдениетін дамыту.

Кураторлық сағат барысында АИТВ инфекциясының негізгі берілу жолдары, алдын алу шаралары және уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы қарастырылды. Аурудың әлеуметтік және психологиялық аспектілеріне, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен стигматизациялауға қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.

Іс-шара білім алушылардың АИТВ инфекциясы туралы хабардарлық деңгейін арттыруға, салауатты өмір салты мәдениетін, әлеуметтік жауапкершілікті және айналадағы адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →