Esil University «Есеп және аудит» кафедрасы ұйымдастырған Бухгалтер апталығы аясында «ҚР Жоғары аудиторлық палатасындағы аудит процесін цифрландыру» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Шақырылған спикер ретінде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының бас консультанты Үмбет М.Б. сөз сөйледі. Дәріс барысында Жоғары аудиторлық палата қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік аудиттің электрондық жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері, сондай-ақ осы саладағы кәсіби және мансаптық даму перспективалары қарастырылды.
Іс-шараға «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысты. Қонақ дәрісін ұйымдастыруға PhD, доцент міндетін атқарушы Алиева А.О. жауапты болды.
Іс-шара білім алушылардың кәсіби құзыреттерін кеңейтуге, мемлекеттік аудиттің заманауи цифрлық құралдары туралы білімдерін тереңдетуге және болашақ мамандардың теориялық және практикалық даярлығы арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті.

-1.png&w=1080&q=75)