Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Студенттерге арналған халықаралық мүмкіндіктер: Globus Exchange Programs өкілдерімен кездесу

Студенттерге арналған халықаралық мүмкіндіктер: Globus Exchange Programs өкілдерімен кездесу

Esil University-де «Туризм» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттері үшін АҚШ-та мәдени алмасу, жұмысқа орналасу және кәсіби тағылымдамадан өту бағдарламаларын ұйымдастыруға маманданған Globus Exchange Programs халықаралық компаниясының өкілдерімен ақпараттық кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттерді халықаралық тәжірибе жинақтау, тілдік дағдыларын жетілдіру және туризм мен қонақжайлылық саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мүмкіндіктерімен таныстыру. Компания өкілдері Camp USA 2027 және Internship & Trainee USA 2027 бағдарламаларын таныстырып, қатысу шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар және құжаттарды рәсімдеу кезеңдері туралы ақпарат берді.

Америкалық қонақүйлерде, мейрамханаларда және қонақжайлылық индустриясының басқа да кәсіпорындарында ақылы тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін Internship & Trainee USA бағдарламасына ерекше назар аударылды. Студенттер қонақүй менеджменті, мейрамхана қызметі, аспаздық өнер және туристік кәсіпорындарды басқару бағыттарындағы тағылымдамалар туралы мәлімет алды.

Кездесуге «Туризм» білім беру бағдарламасының оқытушылары А. Баяндинова және А. Гиззатжанова қатысты. Студенттер компания өкілдеріне сұрақтар қойып, халықаралық бағдарламаларға қатысу бойынша практикалық ұсыныстар алды. Іс-шара білім алушылардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге және туризм мен қонақжайлылық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Студенттерге арналған халықаралық мүмкіндіктер: Globus Exchange Programs өкілдерімен кездесу
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →