Esil University «Есеп және аудит» кафедрасы ұйымдастырған Бухгалтер апталығы аясында «Қазақстан Республикасының Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі мемлекеттік аудит әдіснамасын жетілдіру» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Шақырылған спикер ретінде Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің сеньор-лекторы Кашкинбаева К.Т. сөз сөйледі. Дәріс барысында Қазақстан Республикасының Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу аясында мемлекеттік аудиттің әдіснамалық тәсілдерін жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылды.
Іс-шараға «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері қатысты. Қонақ дәрісін ұйымдастыруға PhD, доцент міндетін атқарушы Алиева А.О. жауапты болды.
Іс-шара білім алушылардың теориялық білімдерін тереңдетуге, кәсіби дүниетанымын кеңейтуге және есеп пен аудит саласындағы болашақ мамандардың тәжірибеге бағытталған даярлық сапасын арттыруға ықпал етті.

