Esil University «Қаржы» кафедрасының онкүндігі аясында «Қаржы» білім беру бағдарламасының Б-Қаржы 24/1 Қ, Б-Қаржы 25/23 Қ және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының Б-ЕжА 24/1 Қ топтарының студенттеріне арналған «Салықтық және қаржылық құжаттарды қалыптастыру және рәсімдеу» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар — МБШ басшысы Жусупова Ж.Ж., «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Койбагарова А.Ж. және кафедра оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Мухамбетжанова М.А. Шақырылған спикер ретінде «QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директорының экономика жөніндегі орынбасары, PhD Бектурова А.Т. сөз сөйледі.
Дәріс барысында салықтық және қаржылық құжаттарды қалыптастыру мен рәсімдеудің өзекті мәселелері, қаржылық есептілікті дайындау ерекшеліктері және кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастырудың практикалық аспектілері қарастырылды. Салық заңнамасының талаптарын сақтауға және кәсіпорынды басқару жүйесіндегі қаржылық ақпараттың дұрыстығының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, шақырылған маманнан кәсіби ұсынымдар алды.
Іс-шара университеттің экономиканың нақты секторы өкілдерімен өзара байланысын нығайтуға, теориялық білімді практикалық қызметпен ұштастыруға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және қаржы мен экономика саласындағы болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етті.

-1.png&w=1080&q=75)
-1.png&w=1080&q=75)