Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттері цифрлық гигиена форумына қатысты

Esil University студенттері цифрлық гигиена форумына қатысты

Esil University-дің Б-ЮР-26/23Р және Б-ҚТ 26/23қ топтарының студенттері Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясында өткен «ҚМА-дан цифрлық гигиена сабақтары» форумына қатысты. Іс-шара жастардың цифрлық қауіпсіздігі мәселелеріне арналды.

Форум барысында қатысушыларға интернеттегі негізгі қауіптер, дропперлікке тартылу тәуекелдері және ақпараттық кеңістіктегі құқық бұзушылықтар үшін заңдық жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Іс-шараға қатысу студенттерге цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық және интернеттегі қауіптердің алдын алу тәсілдері туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →