Esil University өкілдері Ақмола облысы Атбасар қаласындағы №1, №2, №4, №5, №7, №8 жалпы білім беретін мектептер мен №3 мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулерге кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.Ө. Аханов және «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, PhD А.Ұ. Мұхиядин қатысты.
Іс-шаралар барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, мемлекеттік білім беру гранттары, академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар шетелде оқу мүмкіндіктері таныстырылып, университетке қабылдау талаптары түсіндірілді және болашақ талапкерлердің сұрақтарына жауап берілді.
Кездесулер оқушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауына қолдау көрсетуге және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.



