Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Торайғыров университетіндегі АКТ бойынша XVI Республикалық олимпиада

Павлодар қаласында 6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар даярлау бағыты бойынша XVI Республикалық студенттер олимпиадасы өтті. Олимпиада «Торайғыров» университетінің қабырғасында өтті.

Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 28 команда қатысты. Олимпиада екі турда ұйымдастырылды: бірінші турда қатысушылар «Дерекқорлар» және «Компьютерлік желілер» пәндері бойынша қазақша және орысша жазбаша тапсырмаларды орындады, ал екінші турда С++, C#, Java және Python тілдерінде бағдарламалау есептерін шешті.

Торайғыров университетіндегі АКТ бойынша XVI Республикалық олимпиадаТорайғыров университетіндегі АКТ бойынша XVI Республикалық олимпиадаТорайғыров университетіндегі АКТ бойынша XVI Республикалық олимпиадаТорайғыров университетіндегі АКТ бойынша XVI Республикалық олимпиада

Бұл жарыста Esil University-нің «Ақпараттық жүйелер» тобының 3-курс студенті Бекасыл Сейдахметов өнер көрсетті. 84 қатысушының арасынан ол 14-орынды иеленіп, ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білім мен дағды деңгейін көрсетті.

← Жаңалықтарға