Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы бойынша кездесу

«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы бойынша кездесу

Esil University-де «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы аясында кездесу өтті. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің және Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық өкілдігінің басшылары қатысты.

Студенттерге жобаның мақсаттары, қатысушыларды іріктеу тәртібі және мемлекеттік қызметке орналасу талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіби даму мүмкіндіктері мен жобаға қатысу мәселелері қарастырылды.

Кездесу студенттерді мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерімен таныстыруға және кәсіби бағдар беруге бағытталды. Қатысушылар болашақ қызмет бағытын таңдауға қажетті ақпарат алды.

«Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы бойынша кездесу
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →