Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де киберқауіпсіздік және дропперліктің алдын алу мәселелері талқыланды

Esil University-де киберқауіпсіздік және дропперліктің алдын алу мәселелері талқыланды

«Туризм» білім беру бағдарламасының Б-Тур 26/23 Қ және Б-Тур 26/1 (2-топ) топтарында «Студент жастар арасындағы киберқауіпсіздік және дропперліктің алдын алу: тәуекелдер мен құқықтық жауапкершілік» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Кездесу барысында дербес деректерді, банк шоттарын және электрондық төлем құралдарын қорғау мәселелері қарастырылды. Студенттер фишинг, әлеуметтік инженерия, жалған интернет-ресурстар мен алаяқтық сілтемелер сияқты қауіптермен танысты.

Қатысушылар заңсыз қаржылық операцияларға тартылу тәуекелдері мен алаяқтық схемаларға қатысудың құқықтық салдарын талқылады. Кездесу соңында цифрлық қауіпсіздікті сақтау және қаржылық операцияларға жауапкершілікпен қарау әр адамның жеке міндеті екені атап өтілді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →