алықаралық білім беру ынтымақтастығын дамыту аясында Esil University-ге Француз альянсының өкілдері — Жакье Т.Ж.П. және Торекельди Ж. келді. Сапар аясында бірінші курс студенттеріне Францияда жоғары білім алу мүмкіндіктеріне арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Францияның жоғары білім беру жүйесінің ерекшеліктері, кәсіби даярлаудың негізгі бағыттары, жоғары оқу орындарына түсу талаптары, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу перспективалары таныстырылды. Француз тілін меңгеру және халықаралық білім беру тәжірибесін алу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара студенттердің шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлық деңгейін арттыруға, академиялық перспективаларын кеңейтуге және халықаралық білім беру ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етті.

-1.png&w=1080&q=75)