Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Топ-менеджерлер» интеллектуалдық ойыны өтті

Esil University-де «Топ-менеджерлер» интеллектуалдық ойыны өтті

Esil University-де «Менеджмент» кафедрасының апталығы аясында үшінші курс студенттеріне арналған «Топ-менеджерлер» интеллектуалдық ойыны өтті. Іс-шараны аға оқытушы Мария Батайқызы ұйымдастырды. Ойын «Ұйымдағы көшбасшылық» және «Тайм-менеджмент» пәндері аясында өткізіліп, студенттердің басқарушылық құзыреттерін, көшбасшылық қасиеттерін және уақытты тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталды.

Іс-шара бағдарламасы үш кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, практикалық бизнес-кейстерді шешу, көшбасшылық қасиеттер мен тайм-менеджмент дағдыларын бағалауға арналған тапсырмалар. Қатысушылар топ-менеджер рөлінде өздерін таныстырып, басқарушылық жағдайларды талдап, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану қабілеттерін көрсетті.

Б-Мен-24/1Қ және Б-Мен-25/24Қ топтарының студенттері арасында өткен интеллектуалдық сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. «Үздік топ-менеджер» номинациясы бойынша А. Салимов жеңімпаз атанды. Бірінші орынды Ш. Шеров, екінші орынды Ж. Назымбекова, үшінші орынды А. Сансызбай иеленді.

Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, басқарушылық ойлау қабілетін қалыптастыруға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті практикалық дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

Esil University-де «Топ-менеджерлер» интеллектуалдық ойыны өтті
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →