Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де статистикалық есептілік бойынша ашық практикалық сабақ өтті

Esil University-де статистикалық есептілік бойынша ашық практикалық сабақ өтті

Esil University-де «Статистика» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Статистикалық есептілік» пәнінен «Статистикалық есептің әдістемесі» тақырыбында ашық практикалық сабақ өтті. Сабақты «Есеп және аудит» кафедрасының доцент міндетін атқарушы, PhD М.К. Успамбаева жүргізді.

Сабақ барысында студенттер статистикалық материалдарды ұсынып, деректерді жинау және өңдеу әдістерін, есептілікті жасау тәртібін және статистикалық ақпараттың дұрыстығына қойылатын талаптарды қарастырды. Әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талдаудағы статистикалық есептіліктің рөліне ерекше назар аударылды.

Сабаққа «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары қатысып, студенттердің теориялық білімдерін бекітуге, талдау дағдыларын дамытуға және статистикалық есеп саласындағы практикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етті.

Esil University-де статистикалық есептілік бойынша ашық практикалық сабақ өтті
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →