Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де академиялық адалдық тақырыбында кураторлық сағат өтті

Esil University-де академиялық адалдық тақырыбында кураторлық сағат өтті

Esil University-де «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттеріне арналған «Академиялық адалдық – табысты болашақтың кепілі» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараны аға оқытушы Г.К. Иманова өткізді.

Кездесу барысында академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары, оның ішінде оқу тапсырмаларын өз бетінше орындау, авторлық құқықтарды сақтау, плагиатқа, көшіруге және деректерді бұрмалауға жол бермеу мәселелері қарастырылды. Студенттердің жеке жауапкершілігі мен академиялық этиканы сақтауына ерекше назар аударылды.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, білім беру үдерісіндегі академиялық адалдықтың маңызы туралы пікір алмасты. Кураторлық сағат білім алушылардың оқуға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және академиялық адалдық мәдениетін нығайтуға ықпал етті.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →