Esil University-де «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының апталығы аясында EsilHack IT Battle 2026 хакатоны ұйымдастырылды. Қатысушылар жасанды интеллект, цифрлық қауіпсіздік, құжаттарды өңдеу, деректерді болжау, қаржылық технологиялар, экология, қолжетімді орта және басқа да 11 бағыт бойынша жұмыс істеп, командалық форматта жұмыс істейтін IT-прототиптер әзірледі.
Хакатонға кафедраның 28 студенті университет оқытушыларының жетекшілігімен белсенді қатысты:
- Жетекші Несіпбай Ұ.: Кокиш А., Карабаев А., Бақытбек М., Темиржанов А., Болат Е., Кирович Г., Бородавко А., Цамаев Р., Голодрыга М., Икрамов Е., Турабаев С., Сейтжан Д.
- Жетекші Кенебаева Д.: Orazbekov B., Болатов Н., Нургалиев Т., Скутельников Б., Бекен М., Кабдрашит Н., Хачатрян А.
- Жетекші Абдрахманова А.: Жұмәлі К., Байзак В., Амангелды А., Ефремов Е.
- Жетекші Токашева М.: Раскильдинова А., Зарлыков А.
- Жетекші Абдибекова Л.: Джунусов С.
- Жетекші Есентемериов А.: Сайқали Н.
- Жетекші Исаева М.: Сагитов С.
Дайын жобалар Git репозиторийлеріне орналастырылып, сарапшылар алқасына таныстырылым форматында ұсынылды. Бағалау кезінде прототиптің жұмыс істеу қабілеті, таңдалған бағыт талаптарына сәйкестігі, техникалық сапасы, практикалық маңыздылығы, таныстырылым деңгейі және қатысушылардың сұрақтарға берген жауаптары ескерілді.
Хакатон студенттерге теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, бағдарламалау, командалық жұмыс және жобаларды көпшілік алдында қорғау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. EsilHack IT Battle 2026 байқауына қатысу студенттердің техникалық құзыреттерін, шығармашылық көзқарасын және ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті мәселелерге шешім табу қабілетін көрсетуге жол ашты.
