Esil University-де академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдеріне арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар спикерлері – экономика ғылымдарының кандидаттары, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қауымдастырылған профессорлары Ж.А. Утебаева және Г.Т. Сейтова.
Семинар барысында заманауи білім беру технологиялары, практикалық бағытталған оқыту әдістері, кейс-әдіс, жобалық жұмыс және цифрлық құралдарды қолдану мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар еңбек нарығының талаптарына сәйкес оқу пәндерінің мазмұнын жетілдіру, студенттердің кәсіби және цифрлық құзыреттерін дамыту, университеттердің жұмыс берушілермен өзара байланысын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмасу және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау алаңына айналды. Кездесу қорытындысы бойынша білім беру үдерісін жетілдіру және бірлескен академиялық қызметті дамыту жөнінде ұсыныстар әзірленді.

-1.png&w=1080&q=75)
-1.png&w=1080&q=75)