Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Менеджмент әлемі» интеллектуалдық байқауы өтті

Esil University-де «Менеджмент әлемі» интеллектуалдық байқауы өтті

«Менеджмент» кафедрасының апталығы аясында 6В04101 — «Менеджмент» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттері арасында «Менеджмент әлемі» интеллектуалдық байқауы өтті. Іс-шара студенттердің кәсіпкерлік ойлау қабілетін, аналитикалық дағдыларын және практикалық басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталды.

Байқаудың ерекшелігі нақты кәсіпкерлік тәжірибені талдау болды. Студенттердің бірі өз бизнесін жүргізу тәжірибесімен бөлісіп, жіберілген қателіктер мен кәсіптің сәтсіздікке ұшырау себептерін баяндады. Ұсынылған жағдай негізінде екі командаға бизнестің ахуалын талдау, басқарушылық қателіктерді анықтау және кәсіпорынды тұрақтандыру мен одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Байқау барысында командалар кәсіпорынның жаңа иелері ретінде әрекет етіп, оны дамытуға арналған өз стратегияларын ұсынды. Қатысушылар негізгі мақсаттарды айқындап, клиенттерді тарту, брендті ілгерілету және кәсіпорынның табыстылығын арттыру жолдарын қарастырды. Ұсынылған шешімдер нақты дәлелдермен негізделді. Сонымен қатар студенттер комиссияның сұрақтарына жауап беріп, командалық жұмыс және басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша комиссия бірінші және екінші орын иелерін анықтады. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Ерекше көзге түскен қатысушылар қатарында Мен-25/Р тобының студенттері Анастасия Павлова, Амир Бектурганов, Анастасия Овчинникова, Есфирь Рыжкова және Айназ Боканова болды.

Esil University-де «Менеджмент әлемі» интеллектуалдық байқауы өтті
Esil University-де «Менеджмент әлемі» интеллектуалдық байқауы өтті
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →