Esil University «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы сенбілікке қатысты. Кафедра меңгерушісі, PhD, доцент міндетін атқарушы Е.А. Юнисовтың жетекшілігімен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізіліп, жұмыс учаскелері бөлінді.
Тазалық жұмыстарына М.Х. Хасенова, Ф.З. Джаксылыкова, К.А. Кабдешова, Г.Е. Мусаканова, Э.М. Нураханова, К.Ж. Отызбаева, А.Б. Садуакасова, А.А. Утегенова, С.Т. Ускенбаева, М.Е. Байдалина, А.Е. Агадилов, Б.Б. Болатов, Г.Н. Науанова, А.И. Кузнецова, Н.А. Хайрулова және Б.Т. Азиев қатысты.
Қатысушылар түскен жапырақтарды, қураған өсімдіктер мен қоқысты жинап, оқу ғимараттарының жанындағы көгалдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын тазалады. Жұмыстар университетке іргелес аумақтың тазалығын сақтауға және оны абаттандыруға бағытталды.

