Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне барды

Esil University студенттері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне барды

«Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының апталығы аясында «Математика 26/1Қ», «Информатика 26/1Қ» және «Информатика 26/23Қ» топтарының студенттері кураторлары К. Е. Тайнова және Д. Б. Байтасовамен бірге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне барды.

Экскурсия барысында студенттерге «Кибергигиена және киберқауіпсіздік» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді. Қатысушыларға цифрлық ортада қауіпсіз әрекет етудің негізгі ережелері, жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы, сенімді құпиясөздерді пайдалану және күмәнді хабарламалар мен интернет-ресурстарға сақтықпен қарау туралы түсіндірілді.

Одан кейін студенттер тарихи экспозициялармен, әскери техника үлгілерімен және Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін бейнелейтін материалдармен танысты. Шифрлау және криптографияға арналған бөлім ерекше қызығушылық тудырды. Музей экспонаттары негізінде қатысушыларға ақпаратты шифрлау және шифрдан шығару, шифрланған хабарламаларды жіберу және құпия деректерді қорғау тәсілдері көрсетілді.

Музейге бару студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, Қазақстан тарихы бойынша білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ кибергигиена, киберқауіпсіздік және ақпаратты қорғаудағы криптографияның маңызы туралы қосымша мәлімет алуға мүмкіндік берді. Экскурсия студенттердің танымдық қызығушылығын арттырып, жағымды әсер қалдырды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →