Esil University-де 6В04102 – Мемлекеттік және жергілікті басқару және 6В04101 – Менеджмент білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттері арасында «Академиялық адалдық» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Іс-шара студенттердің білім алуға жауапкершілікпен қарауын, адалдық қағидаттарын сақтауын және академиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара барысында студенттер екі командаға – жақтаушылар және оппоненттер тобына бөлінді. Жақтаушылар академиялық адалдық қағидаттарын қатаң сақтаудың маңыздылығын негіздеп, өз ұстанымдарын қорғады. Ал оппоненттер ұсынылған дәлелдерді талдап, балама көзқарастар білдіріп, қарсы уәждер келтірді. Мұндай формат қатысушыларға мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді.
Дебат барысында плагиатқа, көшіріп жазуға, оқу және ғылыми қызмет нәтижелерін бұрмалауға жол бермеу, сондай-ақ студенттердің өз оқу нәтижелері үшін жеке жауапкершілігі мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдер келтіріп, сыни ойлау және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсетті.
Іс-шара академиялық адалдық мәдениетін дамытуға, сындарлы диалог жүргізуге, өзге пікірді құрметтеуге және жеке ұстанымды дәлелді түрде қорғауға ықпал етті. Дебат академиялық адалдықтың университет талабы ғана емес, болашақ маманның кәсіби беделінің негізі болып табылатын маңызды құндылық екенін көрсетті.

-2.png&w=1080&q=75)