Esil University «Туризм» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері оқытушы Амангелді Е.М. жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейіне барды. Іс-шараның мақсаты тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму тарихы туралы білім алушылардың білімін тереңдету, сондай-ақ музейдің еліміздің маңызды мәдени-тарихи және туристік нысаны ретіндегі қызметімен таныстыру болды.
Экскурсия барысында студенттер Қазақстан Республикасы дамуының негізгі кезеңдерін бейнелейтін музей экспозицияларымен, архивтік материалдармен, тарихи құжаттармен және жәдігерлермен танысты. Ұсынылған материалдар тарихи оқиғалар мен заманауи мемлекеттің қалыптасу үдерістері туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етті.
Музейдің экскурсиялық және көрме қызметін ұйымдастыруға, келушілерге ақпарат ұсыну әдістеріне, экскурсоводтардың кәсіби қызметіне, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудағы және мәдени-танымдық туризмді дамытудағы музей нысандарының рөліне ерекше назар аударылды.
Іс-шара теориялық білімді практикалық қызметпен ұштастыруға, білім алушылардың кәсіби дүниетанымын кеңейтуге, туризм саласындағы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін және ұлттық мәдени мұраға құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті.

-1.png&w=1080&q=75)